Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
508.5 580.66 6.44

Көкпекті ауданында қарттарға құрмет көрсетілді

9-10-2024, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Көкпекті ауданында жыл сайын Халықаралық қарттар күні - тек 1 қазан күні ғана емес, қазан айы ағымында қарттарға құрмет көрсету шаралары ұйымдастырылуда. 

Аудан орталығы Көкпекті ауылында Көкпекті ауылдық округінің әкімі Бек Назарбекұлының және ауылдық округі аппаратының ұйымдастыруымен, Смыков Даурен мен Сарманов Жәнібек сынды жомарт жанды азаматтардың қолдауымен «Елімай» мейрамханасында халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарым – асыл қазынам!» атты мерекелік шарасы өтті. 

Мерекелік шараға Көкпекті ауылдық округінің Шәріптоғай, Ажа, Ұзынбұлақ, Толағай және Көкпекті ауылының 130 жуық ардагерлері қатысты. 

Шара барысында аудандық мәслихат төрағасы  Талғат Манафұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы- Сләмбек Насырбайұлы және аудан әкімі аппаратының басшысы - Дархан Бердібекұлы ардагерлерімізді  халықаралық қарттар күнімен құттықтап, ауданның қоғамдық өміріне белсенді араласып жүрген ардагерлерді аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

Мерекелік шара аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының тамаша тартуымен жалғасты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив