Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.87 632.01 6.76

Тотыққан мыс кендерін қайта өңдеу тиімділігі 28%-ға дейін артады

11-10-2024, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Жақында «сұйық экстракция-электролиз» схемасы бойынша үймелі шаймалау технологиясының арқасында тотыққан мыс кендерін қайта өңдеу өнімділігін арттыру туралы айтылған еді. Бірақ бұл жалғыз шешім емес.

«Қазақстан Республикасының Минералдық шикізатты кешенді өңдеу ұлттық орталығы» РМКфилиалы «Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институты» ғалымдары модификацияланған реагентті сульфидизатор ретінде пайдалана отырып, тотыққан мыс кендерін флотациялық байыту әдісін ұсынды.

Ұсынылған сульфидизатор кенді ұнтақтау сатысында қолданылады. Бұл жағдайда бөлінетін механикалық энергия тотыққан мыс минералдарының сульфидизация процесінің селективті, терең және қарқынды жүруіне және олардың концентратқа одан әрі флотациялық бөлініп алуына ықпал етеді.

Модификацияланған реагент сульфидизация тиімділігі бойынша ең көп қолданылатын натрий сульфидінен 40-55%, ал флотация тиімділігі бойынша 17%-ға жоғары. Алдын ала техникалық-экономикалық есептеулер бойынша жаңа реагентті қолдана отырып, тотыққан мыс кенін өңдеудің рентабельділігі 28% құрайтын деңгейде бағаланды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив