Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
443.96 487.73 5.38

Семейде Абай облысының діни бірлестіктер басшылары Клубының отырысы өтті

11-10-2024, 18:19 018.kz

Клуб отырысының басты міндеті - дінаралық диалог мәселелерін талқылау және діндер мен конфессиялар арасындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша күш-жігерді біріктіру.

Клуб отырысына Абай облысының дін істері басқармасының басшысы С.А. Ысқақов және облыстағы түрлі конфессиялардың өкілдері қатысты.

Кездесуге қатысушылар дінаралық және конфессияаралық диалогты нығайту бойынша бірлескен іс-шараларды өткізу мәселелерін талқылады.

Басқарма мен діни бірлестіктердің басшылары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы ынтымақтастықты нығайтуды, зайырлы қоғамды дамытуға ықпал ететін бірлескен іс-шараларды әзірлеуді және өткізуді көздейді. Отырыс барысында Рухани келісім күніне дайындық сұрақтары да талқыланды.

Сондай-ақ, діни бірлестіктер басшылары клуб жұмысына қатысты ұсыныстарымен бөлісті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив