Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

«Bereke Bank» АҚ-ты SDN санкциялық тізімінен алынып тасталды

13-03-2023, 14:17 Думан Кенжеғазыұлы

АҚШ Қаржы министрлігі 2023 жылғы 8 наурызда «Bereke Bank» АҚ-ты (бұрынғы – «Сбербанк» АҚ ЕБ) Шетелдік активтерді бақылау басқармасының (OFAC) санкциялық SDN-тізімінен алып тастады.

Банк АҚШ-тың OFAC санкциялық SDN-тізімінде 2022 жылғы 6 сәуірден бастап болды. Осылайша, 2022 жылғы 11 шілдеде Банкпен мәмілелерді аяқтау мерзімін тағы үш айға – 2022 жылғы 12 шілдеден 11 қазанға дейін ұзарту туралы OFAC бас лицензиясы шығарылды. Кейіннен бұл лицензия сондай-ақ 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін және 2023 жылғы 31 наурызға дейін ұзартылды.

2022 жылғы 1 қыркүйекте Банкті «Бәйтерек» ҰБХ АҚ сатып алып, ол «Сбербанк Қазақстан» АҚ ЕБ-дан «Bereke Bank» АҚ болып өзгертілді.

Қазіргі уақытта Банк активтер мен депозиттік базаның мөлшері бойынша Қазақстандағы ең ірі 10 банктің қатарына кіреді. Мәселен, 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Банктің активтері 1 569 млрд теңгені, капиталы – 131 млрд теңгені құрайды. Банктің несие портфелі 1 323 млрд теңгені немесе банк секторының 5,5%-ын құрайды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив