15 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
Сейсенбі, 15 қазан күні, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібінде:
-
2024 жылғы қаңтар-қыркүйек айындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары;
-
Вегетациялық кезеңнің аяқталуы.
Отырыс қорытындысы бойынша «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын іске асыру барысы, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары туралы баспасөз конференциясы өтеді.
Спикерлер:
-
Премьер-Министрдің орынбасары Нұрлан Байбазаров;
-
қаржы министрі Мәди Такиев.
Отырыстың тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.
Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.