Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Семейде кәсіпкерлерді сауда орнынан заңсыз шығармақ болған

13-03-2023, 16:02 018.kz

Абай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кәсіпкерлер жергілікті атқарушы органдардың заңсыз әрекеттері бойынша шағым түсірді.

Семей қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің (бұдан әрі – Бөлім) жерасты жаяу жүргіншілер өткелдерінде жоспарланған жөндеу жұмыстарына байланысты, жеке кәсіпкерлерге жалға берілген орындарды босату қажеттілігі туралы хабарлама жолдаған.

Алайда, кәсіпкерлер мен Семей қаласының Экономика және қаржы бөлімі арасында орындарды жалдау шарттары 2025 жылдың соңына дейін жасалған.

Бөлім келісімшартқа қатысы болмағандықтан бұл процеске араласпауы қажет болған.

Осыған қарамастан, Бөлім басшысы жалға алушыларға шектеулі сипаттағы хабарлама жіберіп, өзінің лауазымдық өкілеттіктерімен кәсіпкерлік қызметке араласқан.

Департаменттің араласуымен осы мәселе бойынша тараптармен кездесулер ұйымдастырылып, аталған мекемеге тиісті ұсыныстар жолданды.

Нәтижесінде Бөлім жолдаған хабарламаларды кері қайтарып, кәсіпкерлер өз жұмыстарын жалғастыру мүмкіндігіне ие болды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив