Семейдегі Бейбітшілік аралында балалар темір жолы қалай салынды?
Семейде бір кездері аралда «Кіші Түрксіб» теміржол құрамы жүрді. 70 жылы Бейбітшілік аралы Киров есімімен аталды. Дәл осы жерде үлкен жоба - балалар теміржолын жүзеге асыру туралы ұйғарым шығарылды. Қазіргі уақытта бірегей нысаннан ештеңе қалмады, тек бетон перрон мен баспалдақ.
Жоба Алматы темір жолының Семей бөлімшесіне тиесілі болды. Содан кейін билік теміржолшылар идеясын қуана қолдап, оны халықаралық бала жылына арнады. Құрылыс 1979 жылы көктемде басталды. Екі айдан кейін теміржолдың бірінші кезегі пайдалануға берілді. Мерекеге бірнеше жүз бала жиналды.
1986 жылы теміржолдың екінші кезегі пайдалануға берілді. Оның ұзындығы 5 шақырымды құрады. Вокзал ғимараты және тағы үш станция пайда болды: «Ленинская», «Кировская» және «Калининская».
Әр станцияда отыру платформалары салынып, бағдаршамдар орнатылып, вагондар арнайы жабдықтармен жабдықталған. Теміржолдың бүкіл бағыты аралдың барлық мәдени және спорттық нысандарын байланыстыру үшін салынған.
1990 жылы теміржол құрамы толығымен жаңартылды. Рельстерге жаңа вагондар қойылды. Бірақ қуаныш ұзаққа созылмады, бір жылдан кейін алғашқы қысқартулар басталды. Басшылық пен нұсқаушылар жұмыссыз қалды. 1995 жылы балалар теміржолы біржола жабылды.
Руслан Шакабаев, 018.kz
Сурет: «Прииртышье» өлкетану қоғамы, «Ертіс» газеті