Семейде тұрғын үйлерді реновациялау туралы меморандумға қол қойылды
Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласының сол жақ жағалауына көңіл бөлінетіні туралы хабарлаған еді. Осы орайда қала әкімі Әділет Қожанбаев пен «Алтын Ұя Семей» ЖШС арасында «Семей қаласының тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы» аясында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандум сол жағалаудағы Әуезов даңғылы №98, №100 және №102 мекенжайларында орналасқан көппәтерлі үш тұрғын үйді қамтиды. Еске сала кетейік, бұл үйлер 2014 жылы ресми түрде апатты деп танылған.
«Облыс басшысы Берік Уәли сол жағалау көңіл бөлінетінін айтқан еді. Бұл бастама – тұрғындар үшін маңызды әрі ұтымды шешім. Апатты үйлерді жаңғыртып, қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру – ортақ мақсатымыз. Осы бағытта бірлесіп жұмыс істейтін боламыз», – деді Әділет Қожанбаев.
Құжаттың негізін тұрғын үй иелерінің реновация жүргізуге берген протоколдық келісімі құрайды.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіҚасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзі



