Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Семейлік өнерпаздар Минск төрінде

19-10-2024, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Республика күні қарсаңында семейлік өнерпаздар Беларусь республикасының астанасы Минск қаласында концерт берді.

Концертте Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының әртістері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші, композитор Айбек Бекбосынов, мәдениет саласының үздігі Нұрбек Өмірбеков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мапруза Утуленова және «Дала Сазы» этно- фольклорлық ансамблінің өнері көрерменді тәнті етті.

Шара қазақ өнері мен мәдениетін насихаттау, екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайту мақсатын көздеді.

Беларусь еліндегі қазақ диаспорасының өкілдері, өнер зерттеушілері, музыканттар мен қала тұрғындары алдында «Дала Сазы» этно- фольклорлық ансамблі қазақтың халық әндері мен күйлерін орындады.

Көрермендер концерт арқылы қазақ халқының ұлттық өнерімен жақынырақ танысып, ризашылықтарын білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив