Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Абай облысында І республикалық жас скрипкашылар байқауы басталды

24-12-2023, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен, Қазақстандағы тұңғыш скрипка мектебінің негізін салушы, қазақ әндері мен күйлерін, қазақ композиторларының шығармаларын скрипкаға лайықтап өңдеуші, қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби скрипкашы Айткеш Толғанбаев атындағы І республикалық жас скрипкашылар байқауы басталды. Байқау екі күнге созылады.

Айткеш Толғанбаев - Қазақстан Республикасындағы кәсіпқой скрипка мектебінің негізін салушы, Алматы мемлекеттік консерваториясының доценті. Қазақ әндері мен күйлерін, қазақ композиторларының шығармаларын өңдеп, скрипкаға лайықтап жазған композитор. Классикалық шығармаларды орындаушы. Оның музыкалық шығармалары ұрпаққа асыл мұра болып, қазақ радиосының «Алтын қорында» мәңгі сақталды. 

Байқау қазақтың тұңғыш кәсіби скрипкашысы, кәсіпқой скрипка мектебінің негізін қалаушы Айткеш Толғанбаевтың мұрасын халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылуда.

Байқауға еліміздің әр өңірінен 14-21 жас аралығындағы музыкалық мектептердің тәрбиеленушілері, кәсіптік және жоғары оқу орындарының студенттері қатысуда.

Байқау үш айналымнан тұрады. Бірінші айналым: «Қазақтың Паганиниі» (қазақ әуендерінен бір туынды орындау), екінші айналым: классикалық музыка (А. Толғанбаевтың репертуарынан бір туынды орындау), үшінші айналым: еркін тақырып.

Қазылар алқасының құрамында «Мәдениет саласының үздігі» Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Аспаптық орындаушылық факультетінің» деканы, «Ішекті аспаптар» кафедрасының доценті, PhD докторы - Бекенова Айжан Слямовна, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ  ұлттық  өнер университетінің «Скрипка» кафедрасының профессоры, Халықаралық конкурстардың лауреаты - Дүйсенбаев Асқар Самратович, «Мәдениет саласының үздігі», «К. Байсеитова атындағы музыкалық мектебінің» педагогы, Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің циклдік комиссиясының төрағасы - Ишкаева Джамиля Хамидовна, «Құрмет» орденінің кавалері, Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының» аға оқытушысы - Сапарбаев Еркебұлан Исраилұлы, Айткеш Толғанбаевтың қызы, «Азаматтық альянс» заңды тұлғалар бірлестігінің Президенті - Толғанбаева Саулета Айткешевна бар.

Байқаудың жеңімпаздары 25 желтоқсан күні Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясында өтетін Гала-концертте жарияланатын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив