Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қытай мен Қазақстан арасындағы өнеркәсіптік ынтымақтастық: Қанат Шарлапаев Бейжіңге барды

19-10-2024, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы достық байланысты нығайту мақсатында Бейжің қаласына барды.

ҚХР мен Қазақстан бірнеше жыл бойы өңдеу өнеркәсібіндегі ең ірі серіктестер болып табылады. Қазіргі уақытта өнеркәсіптік кооперация жалпы сомасы 21,7 млрд АҚШ долларын құрайтын 74 жобаны қамтиды.

Жұмыс сапары аясында Қанат Шарлапаев «China Huadian Corporation» Директорлар кеңесінің Төрағасы Цзян Имен кездесіп, бірлескен жобаларды талқылады.

«China Huadian Corporation» – электр энергетикасы саласында жұмыс істейтін, электр және жылу энергиясын өндіретін және қамтамасыз ететін Қытайдың мемлекеттік корпорациясы.

Министр «CHN Energy» Директорлар кеңесінің Төрағасы Лю Гояомен кездесті. Кездесу барысында қатысушылар Қазақстанның көмір химиясы саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіншіліктерін талқылады.

«China Energy Investment Corporation» – «CHN Energy» брендімен жұмыс істейтін энергетикалық инвестициялық корпорация. Компанияның қызметі көмір, электр энергетикасы, көлік және химия өнеркәсібін қамтиды.

Келесі кезекте Қанат Шарлапаев «Shanghai Shanyuhai Investment Group» Директорлар кеңесінің Төрағасы Сюн Сюнмен кездесу өткізіп, тау-кен өнеркәсібіндегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Бұл жеке компания әртүрлі қызмет салаларын қамтиды: демалыс индустриясы, денсаулық сақтау, қаржы, тау-кен өндіру, шығару және т.б. Компанияның еншілес кәсіпорны «Silk Road Energy Ltd» Қазақстанда тіркелген.

Министр «JiangLong Group» Директорлар кеңесінің Төрағасы Чжан Чжисянмен кездесті. Тараптар жаңа өнеркәсіптік жобаларды құру мүмкіндігін және болат өнеркәсібіндегі ынтымақтастықтың алдағы жоспарларын талқылады.  

«Beijing Jianlong Heavy Industry Group» – қытайлық өнеркәсіптік конгломерат. Компания әлемдегі ең ірі болат өндірушілердің бірі болып саналады.

Сондай-ақ Қанат Шарлапаев «Foton International» Президенті, «Beiqi Foton Motor» компаниясының вице-президенті Фу Цзюнмен кездесу өткізіп, машина жасау және құрылыс салаларындағы бірлескен жобаны жүзеге асыру мәселесін қарастырды.

Қытайлық «Beiqi Foton Motor» компаниясы Қытайдың 13 аймағынан 100-ден астам компанияның бірігуі нәтижесінде құрылды. Бұл Қытайда коммерциялық көліктерді шығаратын ірі өндірушілердің бірі. Компанияның еншілес ұйымы «Foton International» халықаралық операцияларды үйлестірумен айналысады.

«Beiqi Foton Motor» «Hyundai Trans Auto» ЖШС-мен ынтымақтасып, қазақстандық кәсіпорын «FOTON» маркалы көліктер шығаратынын айта кеткен жөн.

Одан бөлек, Министр «East Hope» директорлар кеңесінің төрағасы Мэн Чанцзюмен кездесу өткізді. Қатысушылар тау-кен өндіру және металдарды өндіру саласындағы ынтымақтастықты талқылады. 

«East Hope Group» – жеке меншік компания, әлемдегі электролиттік алюминий мен алюминий оксидін ең ірі өндірушілердің бірі. Кәсіпорынның қызмет аясы алюминий, топырақты алюминий тотығы, фотовольттік компоненттерді, химиялық өнімдерді, кремний, құрылыс материалдарын және т.б. қамтиды. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив