Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
448.44 514.81 5.33

Парижде «Көшпенділер әуендері» өтті

19-10-2024, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Париж қаласында «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі француз көрермендеріне «Көшпенділер әуендері» бағдарламасын ұсынды. Концерт Багатель саябағындағы жылыжайда ұйымдастырылды. Париж жұртшылығы музыканттардың орындаушылық деңгейін жоғары бағалады.

Ансамбль қазақстандық және түркі композиторларының шығармаларын орындады. Концерт бағдарламасында Абай Құнанбайұлы, Құрманғазы Сағырбайұлы, Владимир Стригоцкий-Пак, Алмас Серкебаев және Хабибулла Сетековтың туындылары болды.

Іс-шараны Париж ботаникалық бағының кураторы мен Париж мэриясы ұйымдастырды. Сонымен қатар, Багатель ботаникалық бағының 10 жылдық мерейтойына орай Ботаника және фитоинтродукция институтында өсірілген Қазақстан өсімдіктерінің үлгілері сыйға тартылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив