Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру

23-10-2024, 10:27 018.kz

Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығын ерекше атап көрсетіп келеді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы – мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші болатынын және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде халыққа тікелей бағдарлануы тиістілігін айқындап берді. 

Қазіргі таңда мемлекеттік тізілімінде 1300-ден аса мемлекеттік қызметтер бар, олардың 90%-дан астамы электронды форматта көрсетіледі. Қызметтер көрсетілу сапасын бақылау - Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің құзыретінде. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің негізгі міндеттерінің бірі, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерін белгіленген мерзімдерде қарау, көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеу, мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қабылдау болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 17 шілдедегі №602 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған Концепцияда көрсетілген бағыттар және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырмасын орындау мақсатында Департамент тұрақты негізде мемлекеттік қызметтерді көрсету процесстеріне талдау жүргізеді. Талдау келесі бағыттар бойынша іске асырылады:

1) мемлекеттік қызметтер көрсету процесін құқықтық реттеу;

2) мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және техникалық мүмкіндіктерін қарастыру;

3) мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру.

Талдау нәтижелері бойынша Департаментпен тиісті ұсыныстар әзірленіп, кейбір мемлекеттік функциялар мемлекеттік қызметтер санатына ауыстырылды. 

Мысалы, Департаменттің ұсынысы негізінде орта білім беру мекемелерінде оқитын оқушыларға материалдық көмек көрсету процессінде мемлекеттік қызмет көрсету белгілері болуы себепті «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету» мемлекеттік қызметі болып бекітілді. 

Нәтижесінде білім беру мекемелерінде оқитын оқушыларға материалдық және қаржылай көмек көрсету процессі регламенттеліп, нақты мерзімдері бекітіліп, қажетті құжаттар тізімі айқындалды.

Керісінше, бүгінгі күні ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелерін www.testcenter.kz ресми сайтына орналастыру бойынша жүргізілген шараларға байланысты тестілеуді тапсыру туралы сертификат беру жөніндегі қызметтің өзектілігі мен қажеттілігі жоғалып, анықтамалық сипатқа ие болуына байланысты «Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» қызметі мемлекеттік қызмет көрсету тізілімінен алынылып тасталды (Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.08.2023 № 339/НҚ бұйрығы).

Қорытындылай келе, Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру-бұл жай ғана қажеттілік емес, қоғам мен мемлекеттің дамуы үшін стратегиялық басымдық. Заманауи технологияларды енгізу, ашықтық пен қолжетімділікке баса назар аудару, сондай-ақ азаматтарды осы процеске белсенді тарту қызмет көрсету сапасы мен халықтың қанағаттануын айтарлықтай арттыра алады. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру – бұл қоғамның дамуына және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал ететін негізгі аспект. Заманауи технологияларды қолдану, рәсімдерді жеңілдету және халықты шешім қабылдау процесіне белсенді тарту тиімдірек және ашық жүйені құруға көмектеседі. 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мақсаты – қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ету ғана емес, оларды әрбір азамат үшін ыңғайлы және түсінікті ету. Бұл үнемі талдауды, өзгерістерге дайын болуды және мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты қажет етеді. Бұл бастамаларды сәтті жүзеге асыру мемлекеттік институттарға деген сенімнің артуына және елдің тұрақты дамуына әкеледі.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив