Семейде сарбаздарға қол сағаттары табысталды
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың қол сағат сыйлықтары иелеріне табысталды. Семей қаласының мәдениет үйінде «Республика күнін» атап өту шарасында мерзімді қызметтерін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 21450 әскери бөлімінде атқарған сарбаздарға қол сағаттары табысталды.
Көктем уақытында, Атырау қаласында су тасқынына қарсы шараларға белсене қатысқан Семей тумалары запастағы қатардағы жауынгерлер Айбол Серікқалиев, Ерсұлтан Ксебаев және Игорь Орлов сынды жігіттерімізге қала тұрғындары алдында сыйлықтары табысталды. Аталмыш сыйлықтарды Абай облысының қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары подполковник Қанат Шәріпханов табыстады.
Атап өтейік, су алған аймақтарда белсене ат салысқан 2000 астам сарбаздар Қорғаныс министрін сыйлығымен марапатталған.
Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі