Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
460.8 541.21 6.13

Қазақстан мен Моңғолия зейнетақы саласында ынтымақтасатын болады

30-10-2024, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекет басшысының Моңғолияға сапары аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасында зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Осы Келісім ынтымақты зейнетақы тағайындау кезінде екі елдің аумағында әзірленген еңбек өтілін өзара есепке алуды көздейді.

Бұдан басқа, жинақтаушы зейнетақы экспорты бойынша Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ынтымақтастықтың жаңа түрі көзделуде.

Қазақстан тарапынан Келісімге Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Моңғолиядан – отбасы, еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Лувсанцэрэнгийн Энх-Амгалан қол қойды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив