Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Ақпараттық жүйелері қызметтерінің тарифтерін бекітуге арналған тыңдаулар өткізіледі

14-03-2023, 15:17 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі келесі ақпараттық жүйелерінің қызметтері бойынша арнайы құқық субъектісінің тарифтерін бекітуге арналған «ҰАТ» АҚ-ның өтінімі бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды:

- 2023 жылғы 29 наурызда елорда уақыты бойынша сағат 15:00-де «Міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі» (МТББАЖ);

- 2023 жылғы 29 наурыз күні Астана қ. уақыты бойынша сағат 15:30-да «Көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйесі» (КҚЭП).

Аталған тыңдауларға мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен қоғамдық бірлестіктерінің, БАҚ өкілдерін, тәуелсіз сарапшылар мен арнайы құқық субъектілерін қатысуға шақырамыз.

Тыңдаулар Microsoft Teams/Zoom қосымшалары арқылы онлайн кездесу режимінде өткізіледі. Сілтеме кездесудің тіркелген қатысушыларына жеке жіберілетін болады.

Қатысуға өтінімдер 2023 жылғы 20 наурызға дейін, сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін қабылданады.

Қосымша ақпарат алу үшін:

- Бухпантаев Расул Дахырович МТББАЖ сұрақтары бойынша Министрліктің Көлік комитетінің уәкілетті орындаушысы, +7(7172)983-610 /r.bukhpantaev@miid.gov.kz;

- Даурен Карибай Зиятұлы МТББАЖ сұрақтары бойынша «ҰАТ» АҚ-ның уәкілетті орындаушы, +7(7172)701-665 (вн.6052)/ dauren.karibay@nitec.kz;

- Амангелді Диана Төрегелдіқызы КҚЭП сұрақтары бойынша Министрліктің Индустриялық даму комитетінің уәкілетті орындаушы, +7(7172)648-525/ d.amangeldi@miid.gov.kz;

- Серикбаев Магжан Аманкельдинович КҚЭП сұрақтары бойынша «ҰАТ» АҚ-ның уәкілетті орындаушы, 8(776)263-48-43/ magzhan.serikbaev@nitec.kz.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив