Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
456.88 534.64 5.47

Астанада Әзербайжан армиясы құқық қорғау органдары өкілдерінің жұмыс сапары өтті

14-03-2023, 15:35 Думан Кенжеғазыұлы

Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің делегациясы Қазақстанға Қарулы күштер құрылымындағы әскери полиция органдарының қызметін ұйымдастыруды зерттеу мақсатында  келді.

Кездесу барысында Қазақстан Қарулы күштері Әскери полиция бас басқармасының бастығы полковник Руслан Құлымбетов Әзербайжаннан келген әріптестер – генерал-майор Ниджат Гараев және подполковник Элгюн Әлиевпен ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Сапар аясында шетелдік қонақтар әскер қызметін ұйымдастыру және диверсияға қарсы қауіпсіздік, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және әскерлердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі конференцияға қатысты.

Тараптар өзара қызығушылық тудыратын салалардағы ынтымақтастыққа қажет әлеуетті атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив