Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
516.13 538.01 5.29

Ақсуат ауданында күндізгі амбулаториялық диализ бөлімі ашылды

1-11-2024, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Ақсуат ауданында орталық аудандық аурухана жанынан күндізгі амбулаторлық диализ бөлімі ашылды. Енді созылмалы бүйрек сырқаты бар науқастар қажетті көмекті ала алады.

Бөлім облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тапсырмасымен, облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен облыстық бүйрек орталығының қолдауымен ашылды. Салтанатты шараға амбулаториялық көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі, облыстық бүйрек орталығының директоры және жоғары санатты нефролог дәрігері, аудан әкімінің орынбасары Ахмет Аққазин, сондай-ақ медицина қызметкерлері мен аудан тұрғындары қатысты.

Бөлім заманауи қондырғылармен жабдықталған. Мұнда екі науқасты бірден қабылдауға мүмкіндік беретін Fresenius Medical Care диализ аппараттары, емдеудің жоғары сапасын қамтамасыз ететін суды сүзуге арналған арнайы германиялық құрылғы бар.

Жаңа амбулаториялық-диализ бөлімі мамандандырылған көмекті қажет ететін аудан мен басқа да өңірлердің тұрғындары үшін маңызы зор. Мекеме медициналық қызметтерге қолжетімділікті және науқастардың өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив