Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
441.89 502.56 5.19

Үржар ауданында амбулаторлық диализ орталығы ашылды

17-01-2024, 13:10 018.kz

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тапсырмасымен Үржар аудандық көпсалалы аудандық орталық ауруханасының ғимаратында амбулаторлы диализ орталығы ашылды.

Орталық созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінен зардап шегетін науқастарды емдеуге маманданған. Амбулаторлық диализ орталығында бүйрек алмастыру терапиясын қамтамасыз ету үшін екі диализ аппараты орнатылған.

Жыл сайын бүйрек алмастыру терапиясын қажет ететін науқастардың саны айтарлықтай артып келе жатыр. Сол себептен де, ішінара бүйрек алмастыру терапиясы үшін емдеудің жоғары сапасын қамтамасыз ету қажет.

Орталықта орналасқан екі аппараттың көмегімен күніне 20 адамға дейін ем қабылдай алады.

Орталықтың ашылуына аудан әкімінің міндетін атқарушы Ақылбек Башимбаев және тиісті мекеме басшылары қатысып, орталық жұмысымен танысты.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив