Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
451.05 504.95 5.6

Роман Скляр Polpharma – SANTO компаниясының өкілдерімен кездесті

1-11-2024, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Polpharma Group Бақылау кеңесінің төрағасы Е. Старакпен кездесу өткізді. 

Polpharma Group – Қазақстан және Польша нарықтарындағы ірі фармацевтикалық компаниялардың бірі.

Кездесу барысында тараптар қазіргі фармацевтикалық жобаларды іске асыру және компанияның Ғылыми-зерттеу сынақ орталығы мен зертханалық кешенді қамтитын Сапа және инновациялар орталығын ашу ниетін талқылады. Бұл орталықта сапаны бақылау, сынақ және микологиялық зертханалармен бірге жаңа өнімдерді әзірлеу бойынша зерттеулер жүргізілетін жаңа зертханалар орналаспақ.

Кездесу қорытындысы бойынша Роман Скляр Қазақстан Үкіметі Polpharma Group компаниясымен ынтымақтастыққа зор мән беретінін және әрі қарай да серіктестікке дайын екенін жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив