Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
495.2 522.34 4.94

Роман Скляр «China Energy Investment Corporation» компаниясының басшылығымен кездесті

1-11-2024, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр көмір өндіруге және өңдеуге маманданған ірі энергетикалық компания – «China Energy Investment Corporation» басшылығымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар көмір химиясы саласындағы ынтымақтастықтың келешегін және Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.

«China Energy Investment Corporation» өндірістік қуаты жылына 650 млн тонна болатын 97 көмір шахтасын басқарады және әлемдік нарықта жетекші орын алады. Бүгінгі таңда компанияның шетелдік активтері Қытай, Оңтүстік Африка, Австралия, Индонезия, Греция және Германияда орналасқан.

Янь Гочунь мырза, CHN Energy Investment Corporation Group Co. Ltd, компаниясының бас директорының орынбасары Қазақстан аумағында көмір-химия өндірісін дамытуға жоғары қызығушылық танытты, бұл елдің экономикалық әлеуетін кеңейтудегі маңызды қадам болуы мүмкін.

Аталған ынтымақтастық екі тарап үшін де айтарлықтай мүмкіндіктер ашады, өңдеу өнеркәсібі саласында Қытаймен екіжақты қатынастарды нығайтуға ықпал етеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив