Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
520.39 609.58 6.63

Венера Калимова ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төрағасы болып тағайындалды

1-11-2024, 18:48 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы әділет министрінің бұйрығымен Венера Қамысбайқызы Калимова Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Венера Калимова Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын, Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.

1995–2001 жылдары — Ақтөбе облысы Әділет басқармасы заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің жетекші маманы, бас маманы.

2001–2017 жылдары ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті Заңды тұлғаларды тіркеу басқармасында жұмыс істеп, бас маман қызметінен бастап департамент директоры болып жұмыс істеді.

2017-2019 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ басқармасы аппаратының Жылжымайтын мүлік департаментінің директоры қызметін атқарды.

2023 жылдан бастап осы уақытқа дейін ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаментінің директоры болып қызмет етті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив