Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
448.44 514.81 5.33

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Dalian Hesheng Holdings Group Co., Ltd. компаниясының басшылығымен астықты терең өңдеуді жүзеге асыруды талқылады

2-11-2024, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Dalian Hesheng Holding компаниясының (ҚХР) төрағасы Ван Вэньфэнгпен кездесті. Компания астықты терең өңдеу зауытын салу жобасын іске асыруды жоспарлап отыр.

Ақмола облысында натрий глутаматы, амин қышқылдары және экологиялық таза пластик өндіретін астықты терең өңдеу зауытының құрылысы жоспарланған. Ван Вэньфэнг жобаны жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдар тарапынан белсенді қолдау көрсетілгенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша екі тарап жоба сәтті іске асырылады және өзара тиімді ынтымақтастық одан әрі нығая түседі деген сенім білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив