Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
520.39 609.58 6.63

Бибигүл Жексенбай «Қазақстан-ЕО» парламенттік ынтымақтастық комитетінің отырысына қатысты

2-11-2024, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бибигүл Жексенбай «Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ» парламенттік ынтымақтастық комитетінің 21 отырысына қатысты. Кездесуге қатысушылар экологиялық саладағы ынтымақтастық пен метан шығарындысын азайту және төмен көміртегіне көшуді дамыту мәселелерін талқылады.

Сенатор өз сөзінде Қазақстан мен бүкіл Орталық Азия өңірі үшін мұздықтардың еруі, шөлейттену, су тасқыны сияқты климаттың өзгеруінің салдарымен күрес маңызды мәселе екенін атап өтті. Биыл Қазақстанның бірнеше өңірі соңғы 80 жылда болмаған су тасқынына тап болды.

«Бұл дағдарыс трансшекаралық су ресурстарын басқарудың тиімді механизмдерін әзірлеу қажеттілігін көрсетті. Бұл төтенше жағдайдан сабақ алып, Еуропалық Одақтың трансшекаралық өзендерді басқарудағы «бассейндік тәсілін» зерттеуге ерекше қызығушылық танытып отырмыз. Біздің төрағалығымыз Арал теңізі бассейніндегі жағдайды жақсартуға және Орталық Азия халықтары мен мемлекеттерінің мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған. Арал бассейніндегі экологиялық дағдарыс судың жетіспеушілігі мен ластануының артуымен, жерлердің деградациясы және кең аумақтардың шөлейттенуімен, ормандардың, экожүйелердің және биоалуантүрліліктің жоғалуымен сипатталады», - деді Бибигүл Жексенбай.

Шараға қатысушылар су инфрақұрылымы, су үнемдеу технологиясы, биоәртүрлілікті қорғау және климаттың өзгеруіне бейімделу саласындағы Еуропалық Одақпен бірлескен жобалардың келешегін де қарады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив