Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.87 632.01 6.76

«Қазақстан. Қытай. Ресей. Қуат палитрасы» халықаралық фотокөрмесі ашылды

2-11-2024, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «Қазақстан. Қытай. Ресей. Қуат палитрасы» халықаралық фотокөрмесі ашылды. Іс-шара Қазақстан, Қытай және Ресей арасындағы мәдени, стратегиялық, серіктестік қарым-қатынастар мен ынтымақтастық байланыстарды нығайтуға бағытталған.

Фотокөрмеге үш ел табиғатының сұлулығы мен мәдени мұрасын, сондай-ақ, ұлттық құндылықтары мен даму жетістіктерін көрсететін 600 фотосурет ұсынылды.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі, Қытайдың ғылыми-танымдық фильмдер мен телебағдарламалар қауымдастығы, жетекші басылымдарының бірі «Фото және видеотүсірілім» журналы, Ресейдің кәсіби фотографтар лигасы және «Фотографтар мен цифрлық фотосуретшілер одағы» ҚБ ұйымдастырды.

Фотокөрме 2024 жылдың 17 қарашасына дейін жалғасады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив