Абай облысы мәслихатының бірлескен тұрақты комиссияларының отырысы өтті
Бірлескен комиссия отырысын тұрақты комиссия төрағасы Уалихан Майжанов жүргізді. Комиссия күн тәртібінде Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесін лауазымынан босату, Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 7/40-VII «Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының және мүшелерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын және лауазымдық нұсқаулықтарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 12/80-VII «Абай облысы бойынша әлеуметтік мәні бар қатынастар тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу, Ақсуат ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу, Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 17 мамырдағы № 3/28-VIІI «Абай облысының Құрметті азаматы» атағына және облыстық Құрмет грамотасына ұсынылатын тұлғалардың құжаттарын қарастыру жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, Абай облысы прокуратурасының наразылықтарын қарау, Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 13/87-VII «Абай облысында жерлеу және қабірлерді күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу, Абай облысы мәслихатының жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобы жайында, Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 18 қарашадағы № 10/56-VII «Абай облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселелер қарастырылды.
Аталған сұрақтар бойынша тиісті салалардың жауапты мемлекеттік органдардың басшылары өз есептерін берді. Бірлескен тұрақты комиссия отырысында күн тәртібіндегі мәселелер толығымен қаралып, сұрақтар кезектен тыс жиырмасыншы сессияның қарауына енгізілді.