Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
494.63 583.22 6.42

Қазақстандықтар жалпыұлттық жоба аясында 4 мыңнан астам игі іс жасады

4-11-2024, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстанда игі істер марафоны жалғасуда. Дәстүрлі жалпыұлттық жоба қайырымдылық мәдениеті мен волонтерлікті дамытуға бағытталған.

«Игі істер марафоны» жобасы аясында 4-10 қараша аралығында «Инклюзия» бағытындағы «Мейірімділік апталығы» өтіп жатыр.

Мысалы, 5 қарашада Павлодар облысында өнер мен шығармашылықты пайдалана отырып, психотерапия мен психологиялық түзетуге бағытталған «ART-терапия» акциясы, 6-7 қарашада Алматы облысында мүгедектігі бар адамдарға көмек пен қолдау көрсетуге бағытталған «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы өтеді.

Бүгінгі таңда еліміз бойынша 38 мыңға жуық азамат марафон аясында 4 мыңнан астам игі істер жасады.

Марафон 2024 жылғы 1 желтоқсанға дейін жалғасады.

Жоба туралы толық ақпаратты www.qazvolunteer.kz сайтынан алуға болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив