Cемей0°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
474.08 558.28 6.26

Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы қол жеткізілген уағдаластыққа байланысты ҚР СІМ мәлімдемесі

15-03-2023, 09:22 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы 2023 жылғы 10 наурызда Бейжің қаласында Сауд Арабиясы Корольдігі мен Иран Ислам Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіру туралы уағдаластықтарды құптайды.

Біз Қытай Халық Республикасының келіссөздер үдерісіндегі және табысты нәтижелерге қол жеткізудегі рөлін жоғары бағалаймыз.

Бұл уағдаластықтар 2016 жылы сәуірде Ыстанбұлда өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымының XIII саммитінде ұсынылған Қазақстанның Исламдық татуласу жөніндегі бастамасына толығымен сәйкес келеді.

Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіру және өзара елшіліктерін ашулары өңірлік және жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететініне сенімдіміз.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив