Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.85 513.46 5.31

Қазақстан СІМ-де Венесуэламен ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды

8-11-2024, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Венесуэла Боливариан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Росальба Ло Буэ Антиконы қабылдады.

Тараптар Қазақстан мен Венесула арасындағы саяси, сауда-экономикалық және шарт-құқықтық салаларындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ Латын Америка елдеріндегі ахуалын талқылады.

Көпжақты форматтағы, әсіресе БҰҰ шеңберінде ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара әрекеттестікті кеңейту бойынша күш-жігерді жалғастыруға келісті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив