Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
456.88 534.64 5.47

Шымкентте вибродинамикалық сынақтар жүргізіліп жатыр

15-03-2023, 12:15 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының мамандары BKN GROUP құрылыс компаниясының тапсырысына сәйкес Шымкент қаласының Қаратау ауданындағы 9 қабатты тұрғын үйдің 3 қабатты фрагментіне тербелісті-динамикалық, сондай-ақ статикалық сынақтарды жүргізуді қолға алды.

Бұл ретте сынақтан өткізіліп жатқан ғимараттың құрылымдық схемасы көлденең еден дискілерімен біріктірілген байланыстырушы қаңқа түрінде қабылданғанын айта кетейік.

Сынақтар В3 үлгідегі вибродинамикалық қондырғы арқылы бірнеше кезең бойы жүргізіледі. Оның нәтижесінде алынған мәліметтер өңделіп, тиісті талдау жасалып жатыр. Аталған сынақтың қорытынды көрсеткіштері тапсырыс берушіге жіберіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив