Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
492.17 522.39 5

ТЖ министрі бұйрығымен суға батқан баланы құтқарғаны үшін Әлихан Жақсылық марапатталды

12-11-2024, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтың бұйрығымен 2024 жылғы 27 қазанда Алматыда болған баланың өмірін судан құтқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Қызылорда қаласының тумасы Әлихан Сәкенұлы Жақсылық «Суға батқандарды құтқарғаныы үшін» медалімен марапатталды.

Марапатты ТЖ Министрінің атынан Алматы қаласы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев табыстады. 

«Шұғыл іс-әрекетіңіздің  арқасында қайғылы жағдайдың алды алынып, баланың өмірін  құтқарғаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз», - деді ТЖД басшысы.

25 жастағы құтқарушының айтуы бойынша 27 қазанда Қызылорда қаласынан, жалға алатын пәтер іздеп келген Әлихан сағат 14:00 шамасында Есентай өзені Мақатаев көшесінің қиылысындағы жағалауында кележатқанда  балалардың көмегі туралы айқайларды естіді.

 Бірнеше секундтан кейін  суға батып бара жатқан досы туралы көмек сұраған баланың жұгіріп келгенін айтты.

Бала Есентай өзенінің каскадында тұрып, суға құлап, оны қатты ағын алып ккеткен екен. Қас қағым сәтте өміріне  қауіп төнгеніне қарамастан, Ә.С. Жақсылық дереу темір қоршаудан секіріп, суға батып бара жатқан баланы құтқаруға кірісті.  Судың үлкен ағынынан  әлсіреген баланы жер бетіне көтеріп, Ә.С. Жақсылық өзін батырлық пен адамгершіліктің үлгісі ретінде баршаға танытты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив