Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
492.17 522.39 5

Жерлестерімізге бочча спортынан «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағы берілді

12-11-2024, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Аймағымызда паралимпиадалық спорт түрі бочча жақсы дамып келеді. Бұл - Рим империясынан бастау алатын боулинг, буль және петанкке ұқсас ойын. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубында өткен жылы бочча бөлімі ашылды. Қазір бұл секцияда 28 спортшы жаттығуда.

Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде өткен Қазақстан Республикасының Бочча чемпионатында облысымыздың спортшылары тамаша нәтижеге қол жеткізді. Руслан Ерембаев пен Кенжеқан Баймұратов Қазақстан Республикасының спорт шебері атағы нормативін орындады. 2024 жылдың 24 қазанында оларға бұл атақ ресми түрде берілді.

Руслан Мақсұтұлы Ерембаев 1988 жылы 19 қазанда Семей қаласында дүниеге келген. №42 мектепте және Шәкәрім атындағы колледжде білім алған, 2021 жылы Руслан Алматыдағы «ITeachMe» қоғамдық қоры жобасының аясында SMM курсын аяқтады. 2023 жылы Әлихан Бөкейхан атындағы университеттің заң мамандығына оқуға түсті. Руслан 2022 жылдан бері Абай облысы әкімінің мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметін атқарып, олардың мүдделерін белсенді түрде насихаттап келеді. Сонымен бірге ол спорттық мансабын тек дене күшін ғана емес, стратегиялық ойлауды да қажет ететін боччада дамытып жатыр.

Кенжеқан Жүнісқанұлы Баймұратов 1976 жылы 7 қыркүйекте Шар қаласында дүниеге келген. Көшек ауылындағы орта мектепте оқуын аяқтаған соң өмірін спортпен байланыстырды. Кенжеқан 2022 жылы облыстық олимпиадалық резерв спорт колледжін тәмамдап, бүгінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубында бочча бапкері болып жұмыс істейді. Шар қалалық мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшесі ретінде Кенжеқан қамқорлығындағылардың ғана емес, олардың өмір сүру сапасын арттыруға да зор үлес қосуда. Оның жұмысы спортшылардың әлеуетін ашуға және аймақтағы паралимпиадалық спортты дамытуға көмектеседі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив