Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Абай облысында заңсыз қоқыс үйінділерін жою жұмысы жалғасуда

14-11-2024, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысындағы заңсыз қоқыс үйінділерін жою жұмысы облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың төрағалағымен өткен жиында талқыланды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Ғарыштық мониторинг деректеріне сәйкес өңірде 2024 жылдың сәуір-қазан айлары аралығында 266 қоқыс орны анықталған. Бүгінде оның 133-і жойылды, бұл жалпы көлемнің 50 пайызын құрайды. Әсіресе Семей қаласы мен Аягөз, Жарма, Жаңасемей аудандарында заңсыз қоқыс үйінділері азаймай тұр.

«Аталған қала, аудан әкімдері, бұл бағыттағы жұмысты ширату керек. Мәселені шешудің жолдарын қарастыру қажет. Полициямен бірлесе жұмыс істеңіздер. Ал қоқыс полигонын салу қажет болса оны да ойластырыңыздар», — деді облыс әкімі.

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында tazaqazaqstan.kz онлайн-платформасы іске қосылды. Бұл платформа арқылы азаматтар экологиялық мәселелерді жою бойынша өз өтініштерін бере алады. Платформа іске қосылғаннан бері 102 өтініш түсіп, оның 92-сі орындалды.

«Облыстың экологиялық ахуалын жақсарту бағытындағы жұмыс жалғасады. Қалдықтарды басқарудың инфрақұрылымын дамытуға, азаматтардың өтініштері бойынша жұмыстың тиімділігі мен сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде», - деді облыстық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Айнұр Ақмырза.

Өңірдегі өзекті жобалардың бірі – Семей қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарға (ТҚҚ) арналған заманауи полигон мен қоқыс сұрыптау зауытының құрылысы.
Абай облысын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес жоба 2025 жылға дейін жүзеге асырылады. Қазір жоба аяқталып, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив