Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
463.41 546.27 6.18

Қазақстан Елшісі Оман Сұлтанына сенім грамоталарын табыстады

18-11-2024, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі Айдарбек Тұматов Оман Сұлтаны Хайсам бин Тариққа сенім грамоталарын табыстады.

Қабылдау барысында Қазақстан мен Оман арасындағы байланыстарды әрі қарай нығайту мәселелері талқыланды. Тараптар сауда-экономикалық саласындағы ынтымақтастықты арттыру, атап айтқанда Қазақстан өнімдерін Парсы Шығанағы елдеріне және басқа өңірлерге жеткізу мақсатында Оманның транзиттік-көліктік әлеуетін барынша тиімді пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөлді.

А. Тұматов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Оман Сұлтанына Қазақстанға өзіне ыңғайлы уақытта келуге шақыруын тағы да қуаттады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив