Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.17 550.06 4.93

Қасым-Жомарт Тоқаев Будапештте Виктор Орбанмен келіссөз жүргізді

21-11-2024, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстанға мемлекеттік сапары аясында Премьер-министр Виктор Орбанмен келіссөз жүргізді. Кездесу достық рәуіште өтті. Бұл екі ел арасындағы өзара сенімнің жоғары екенін көрсетеді.

Келіссөздер барысында ынтымақтастықтың басым бағыттары мен екіжақты қарым-қатынасты одан әрі тереңдету перспективалары талқыланды. Қазақстан Президенті Мажарстанды еліміздің Еуропа Одағындағы сенімді стратегиялық серіктесі, сондай-ақ достас әрі бауырлас мемлекет ретінде атап өтті.

Президенттің айтуынша, Мажарстанға мемлекеттік сапары екіжақты ынтымақтастықты дамыту, соның ішінде энергетика, көлік-логистика сияқты бағыттарға тың серпін беруді көздейді. Бұл ретте мұнай-газ секторы мен ауыл шаруашылығы, логистика, атом өнеркәсібі және қаржы салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне баса мән берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан жоспарланған бастамаларды табысты орындау үшін екі ел үкіметтері қолайлы жағдай жасауға дайын екенін растады.

Мажарстан Премьер-министрі сапар барысында қол жеткізілген уағдаластықтар өзара ықпалдастықты одан әрі кеңейте түсетініне сенім білдірді.

Бұдан бөлек, тараптар аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер, соның ішінде көпжақты құрылымдар аясындағы байланыстар жөнінде пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Виктор Орбанның Түркі мемлекеттері ұйымының халықаралық аренадағы рөлін арттыруға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Будапешттегі келіссөздер қос тараптың стратегиялық серіктестікті дамытуға бейіл екенін көрсетіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға жол ашты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив