Қазақстанның Қорғаныс министрі ҰҚШҰ Бас хатшысымен келіссөздер жүргізді
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы жарғылық органдарының отырысы аясында Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен жұмыс кездесуі өтті.
Сұхбат барысы әскери ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және Қазақстанның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына төрағалық етуінің басым бағыттарын іске асыру төңірегінде болды.
Тараптар ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына және Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және Ұйымның қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысына дайындық мәселелерін де қозғады.
Естеріңізге сала кетсек, бірлескен шаралар 28 қарашада Астанада өтеді.
Тағыда оқыңыз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледіҚазақстанның Қорғаныс министрі ҰҚШҰ Бас хатшысымен келіссөздер жүргіздіҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекҚазақстан Республикасының Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесіҚазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы ынтымақтастық туралы бірлескен декларация