Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
520.39 609.58 6.63

Қуаттылығы 370 мың тонна майлы дақылдар шығаратын май экстракциялық зауыты жақын арада пайдалануға беріледі

22-11-2024, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

«Масло-Дел Петропавлоск» ЖШС жаңа май экстракциялық зауытының құрылысын аяқтады.

Зауытта жылына 370 мың тонна майлы дақылдар өңделетін болады.

Зауыт өнімдеріне күнбағыс және зығыр майы, сондай-ақ күнжара кіреді. Сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін өндіріс кезінде суық сығымдау технологиясы қолданылатын болады.

Кәсіпорында Германия, Бельгия және Түркия өндіретін заманауи жабдықтар орнатылған.

Қазіргі уақытта тұқымдарды алу, дайындау және қабылдау цехтарының, сондай-ақ сорғы мен қазандықтың құрылысы аяқталды.

Жабдықтарды іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өндірісті іске қосу ағымдағы жылдың қараша айының соңында жоспарланып отыр.

Жобаның құны-34 млрд теңге.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив