Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
520.39 609.58 6.63

Астанада «Архив – 2025: нәтижелер мен мәселелер» атты республикалық конференция өтті

22-11-2024, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің  ұйымдастыруымен «Архив – 2025: нәтижелер мен мәселелер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Іс-шара «Архив-2025» жобасы аясында шетелдердегі Қазақстанға қатысты құжаттарды анықтау, көшіру, цифрлау және жариялау бағытында жасалған жұмыстарды талқылауға арналды.

Конференция шеңберінде Қазақстан тарихына қатысты бірегей құжаттардың көрмесі ұйымдастырылды. Экспозицияда Ресей, Германия, Моңғолия, Беларусь, Армения, Түркия сияқты мемлекеттердің архивтерінен әкелінген құжаттар қойылды.

Іс-шара аясында «Материалы и документы Российского государственного военно-исторического архива по истории Казахстана XIX века» атты құжаттар жинағының тұсаукесері өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив