Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысында жас ұстаздар форумына 200 жас мұғалім қатысты

Бүгін, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында жас мұғалімдерге арналған форум өтті. Жас мамандардың кәсіби өсуіне арналған «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» облыстық форумның мақсаты – «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру аясында жас педагогтерге кәсіби дамудың жаңа мүмкіндіктерін көрсету, педагогикалық тәжірибелерін жетілдіруге бағыт-бағдар беру.

Форумның алғашқы бөлімі мотивациялық бағытта өтті. Спикерлер ретінде өз салаларында табысқа жеткен мамандар шақырылды. Олар қатысушылармен жеке тәжірибелері мен жетістіктерін бөлісті.

Форумның екінші бөлімі жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған шеберлік сабақтарға жалғасты. Жас педагогтер білім беру процесіне инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізуге бағытталған тренингтер мен практикалық жұмыстарға қатысты. Сабақтар барысында оқыту әдістемесін жетілдіру, заманауи технологияларды тиімді қолдану және оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру жолдары талқыланды. Қатысушылар математикалық стильдегі креативті тәсілдерді, ағылшын тілі сабақтарында жасанды интеллектіні қолданудың тиімділігін, орта буын оқушыларына көркем шығарманы оқытуда цифрлық технологияларды пайдалану жолдарын қарастырды.

Сонымен бірге инклюзивті білім беру жағдайында оқу үдерісін бейімдеу, оқушыларды олимпиадаға дайындау стратегиялары және STEAM негізіндегі инженерия мен дизайндағы инновациялық шешімдерді әзірлеу тәсілдері бойынша тәжірибе алмасып, кәсіби құзыреттіліктерін арттырды.

Биыл үшінші рет ұйымдастырылған шараға облыстың білім беру мекемелерінен 200-ге жуық жас педагог қатысты. Қатысушылар форумнан өз салаларындағы жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеріп, кәсіби тәжірибелерін жетілдіруге арналған құнды ақпарат пен идеялар алды. Форум жас мамандардың өзара тәжірибе алмасу алаңына айналып, педагогикалық шеберліктерін дамытуға серпін берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив