Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
520.39 609.58 6.63

Қазақстанда квотадан тыс және рұқсатсыз жұмыс істеуге рұқсат етілген шетелдіктердің санаттары өзгереді

26-11-2024, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Жергілікті атқарушы органдардың еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесіне» өзгерістер әзірледі. Құжат 2024 жылғы 10 желтоқсанға дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.

Осы түзетулер шетелдік қатысудың үлесі жүз пайыз болатын заңды тұлғаларды құрушы шетелдік инвесторларды қоса алғандағы тұлғалар санатын нақтылауға бағытталған. Өзгерістерге сәйкес, мұндай заңды тұлғалардың бірінші басшысы мен оның орынбасары еңбек қызметін жергілікті атқарушы органдардан рұқсат алмай жүзеге асыра алады.

Жоба мәтінімен және ұсынылған өзгерістермен «Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15310429 сілтемесі бойынша танысуға болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив