Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.86 544.34 5.11

Білім саласындағы маманның еңбегі көпке үлгі

29-11-2024, 10:09 018.kz

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, филология ғылымдарының магистрі Виктория Анатольевна бойына жиған білімін оқушының көкірегіне құюды мақсат еткен аяулы ұстаз. 12 жылдан бері қазақ өнері мен мәдениетін, руханиятын шәкірттерінің санасына сіңіруде. Ұстаз ретінде оқушыларға білім берумен қоса, «толық адам» болып қалыптасуларына ықпал етіп жүр. «Өзім де басқа шауып, төске өрледім» деп Абай Құнанбайұлы айтқандай, өзі де үнемі ізденіс үстінде. 

Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетін тәмамдаған  Виктория Анатольевна Alikhan Bokeikhan University-де білімін жалғастырып, филология ғылымдарының магистрі дәрежесін алған.

- Ел мен елді, халық пен халықты байланыстыратын көпірдің бірі – тіл. Тілді меңгеру арқылы ұлттың болмысын меңгереміз. Ізденіс пен еңбек алға жетелейді. Жиған білімімді оқушылардың бойына дарыту мақсатында, заманымызға сай жан-жақты, ізденімпаз, еңбекқор ұрпақ тәрбиелеуге атсалыссам деген ниетпен мұғалім мамандығын таңдадым. Оқушыларымның тілді меңгеруге деген талпынысын, қазақ руханиятын танып-білуге деген құштарлығын байқағанда қуанамын, тәлімімнен тағылым алып, нәтиже шығарғандарын көргенде марқайып қаламын. Мен өз мамандығымды жан-жүрегіммен жақсы көремін,- дейді  аяулы ұстаз.

Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында. Терең білімді, жан-жақты дамыған, интеллектуалдық деңгейі жоғары ұрпақ тәрбиелеудің бірден-бір жолы – оқушыларға білім берудің тиімді әдістері мен тәсілдерін іздестіру, шығармашылығын дамыту. Осы ерекшеліктерді ескеретін жаңашыл ұстаз – қоғам айнасы. Виктория Мокроусованың айтуынша, ол сын тұрғысынан ойлау секілді технологияларды өз ізденісі арқылы оқушының қабілетіне, деңгейіне сай іріктеп қолданады, жаңа технлогияларды пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. 

Дәстүрлі білім мен заманауи технологияны сабақтастыра білген ұстаз балалардың шығармашылық дағдыларын қалыптастыруға ден қойған. Оқушылар үлкен қызығушылықпен әдеби шығармаларды талдап, эссе жазып, пікір алмасып, тіпті оқыған шығармаларының желісі бойынша көрініс те көрсетеді. Интерактивті тапсырмалар, топтық және жобалық жұмыс жүргізуді де пән аясында жүзеге асырады. Білім алушылар зерттеу жұмыстарын жасап, мәтін талдап, пікірталасқа белсенді қатысып, шығармашылық белсенділік танытады. Осылайша, ұстаз әр баланың ерекшелігін,  мүмкіндігін саралап, тұлғалық болмысын қалыптастырады. Бұл тақырыпты меңгерумен қоса, әдебиеттің өмірмен байланысын түсінуге де жол ашатын сыңайлы. 

Әр ұстаз шәкіртке біліммен қоса тағылымды тәрбие беруді мақсат етеді.  Виктория Мокроусова да оқушылардың бойында ізгі қасиеттерді қалыптастырып, оларды отаншылдыққа тәрбиелеуге атсалысып жүр. Мамандығы мақтанышына айналған мұғалім өз ісінен шабыт алады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив