Cемей-20°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.86 544.34 5.11

Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік: «ҚазҚСҒЗИ» АҚ тұрғын үйді 9 баллға дейінгі жүктемеге сынайды

2-12-2024, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары Алматы қаласында орналасқан 13 қабатты тұрғын үйге вибродинамикалық сынақтар жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл зерттеулер «РАМС Қазақстан» ЖШС құрылыс компаниясының тапсырысы бойынша орындалады.

Қазіргі уақытта ғимаратта құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары сынақтарды өткізу үшін дайындық іс-шараларын орындауда.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің негізгі мақсаты-сейсмикалық жүктемелерге ұқсас жүктемелер кезінде тұрғын үй ғимаратының  қабырғалық құрылымдық жүйелерінің өзгеріс ерекшеліктерін зерттеу, сондай-ақ оны жобалау кезінде қабылданған есептік алғышарттардың дұрыстығын тексеру.

Жер сілкінісіне төзімділікті сынау барысында тұрғын үйдің конструктивтік схемасы тексеріледі, сынақ процесінде объектінің деформациясының ерекшеліктері мен динамикалық параметрлері анықталады, сондай-ақ әр кезеңнен кейін визуалды тексеру жүргізіледі.

Ғимаратты сынау мерзімі-2024 жылдың 26 қарашасынан 6 желтоқсанына дейін. Сынақ нәтижелері бойынша тапсырыс беруші ғимараттың сипаттамаларын талдап және пайдалануға берер алдында анықталған кемшіліктерді жою үшін ғылыми-техникалық есепті қолдана алады.

Вибродинамикалық сынақтар (вибро және сейсмикалық платформалардағы шағын ғимараттарды сынауды қоспағанда) қолданыстағы құрылыс жағдайында табиғи ғимараттарды сынауға және нақты жер сілкіністерінен кейін объектілердің жай-күйін теориялық болжау үшін қажетті деректерді алуға мүмкіндік беретін іс жүзінде жалғыз әдіс болып табылады.

«ҚазҚСҒЗИ»  АҚ ғимараттар мен құрылыстарға осындай табиғи сынақтар жүргізетін ТМД-да жалғыз институт болып табылады. Институттың қызметі құрылыс объектілерінің сенімділігі мен сейсмикалық тұрақтылығын арттыруға бағытталған, бұл сейсмикалық белсенділігі жоғары өңірлер үшін ерекше маңызға ие.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив