Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.18 636.05 6.52

Сенатта 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға түзетулер талқыланады

5-12-2024, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға өзгерістер мен толықтыруларды талқылады.

Құжат экономикалық өсу қарқыны мен болжамды көрсеткіштердің өзгерісіне орай 2024 жылғы бюджетті түзетуге бағытталған. Құжаттың негізгі міндеттері өңірлік өсуді қолдау, шұғыл шығындарды қаржыландыру және бюджет көрсеткіштерін ағымдағы экономикалық жағдайға сәйкес келтіру болып табылады.

Депутаттардың айтуынша, заңға енгізілген негізгі өзгерістер мұнай өндірісінің төмендеуіне, сыртқы сауда көлемінің азаюына және 2023 жылғы ҚҚС қайтарылуына байланысты салық түсімдерінің қысқаруына байланысты болып отыр. Ұлттық қордан өтемақыға бөлінетін нысаналы трансферттер де ұлғаяды. Бұл қаржы өңірлерді қолдау мен мемлекеттік қарызға қызмет көрсету және өткен жылғы тіркелген міндеттемелерді қаржыландыруға бағытталатын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив