Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Шалқар Байбеков Абыралы ауылында болды
№2 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихаты депутаттығына үміткер Шалқар Байбеков сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында Абыралы ауылына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында үміткер ауыл мектебінің жағдайымен танысып, оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру, білім беру инфрақұрылымын дамыту және мектептің материалдық-техникалық базасын жақсарту бағытындағы жоспарларын талқылады.
Шалқар Байбеков білім беру саласының маңыздылығына ерекше тоқталып, ауылдық мектептерді дамыту арқылы өңірдің әлеуетін арттыруға болатынын айтты. Сонымен қатар, мектеп ұжымының және ата-аналардың ұсыныс-тілектерін тыңдап, алдағы уақытта бұл мәселелерді шешуге ықпал ететінін жеткізді.
Кездесу барысында үміткер мектептегі негізгі мәселелерді атап өтіп, балалардың сапалы білім алуы үшін қолайлы жағдай жасау өз бағдарламасының басты бағыттарының бірі екенін айтты. Ауыл тұрғындары Шалқар Байбековке қолдау білдіріп, оның бастамаларына оң баға берді.
*№2 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Ш. Байбековтің сайлау қорынан төленді