Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.86 544.34 5.11

Бас прокурор ТМД Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының төрағасымен кездесті

6-12-2024, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Бас Прокурор Б.Н. Асылов ТМД Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының төрағасы, Ресей Федерациясының Адам құқықтары жөніндегі комиссары Т.Н. Москальковамен кездесті.

Кездесудің мақсаты ТМД Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының 2024-2025 жылдарға арналған жоспары аясында азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты нығайту болды.

Кездесу барысында Берік Асылов Қазақстан прокуратурасының мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны туралы сөз қозғады. Оның халықтың әлеуметтік осал топтарына қатысты функцияларына баса назар аудара отырып, адам құқықтарын қорғаудағы рөлін атап өтті.

Бас Прокурордың мәліметіне сәйкес Қазақстан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделері саласындағы 70-тен астам негізгі конвенциялардың, оның ішінде Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қатысушысы болып табылады. Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екі хаттаманы да ратификациялады, өлім жазасын алып тастады және БҰҰ Комитетінің қазақстандық мемлекеттік органдардың азаматтардың құқықтарын бұзуы туралы шағымдарын қарау құзыретін мойындады.

Қадағалау органының басшысы негізгі Заң – Қазақстан Республикасы Конституциясының үштен бірі азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарды анықтайтын және қорғайтын адам құқықтары мен бостандықтарын бекітетін нормалардан тұратынын атап өтті.

Бас Прокурор азаптаумен күресу бастамалары туралы, сондай-ақ сотталғандардың құқықтарын қорғау саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты. Ұсталғандар мен сотталғандарды ұстау жағдайларын онлайн режимде бақылау мақсатында қылмыстық қудалау органдары мен пенитенциарлық мекемелерде жаппай бейнебақылауды енгізу тәжірибесімен бөлісті.

Сондай-ақ Бас прокуратураның Ахуалдық орталығының жұмысы және қадағалау қызметінде цифрлық технологияларды қолдану, оның ішінде бет-әлпетті тану жүйелері және елдегі қылмыс жағдайын бақылау да көрсетілді.  

Өз кезегінде, Татьяна Москалькова қабылдау және қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша берілген ақпарат үшін алғыс білдіріп, Ресейдегі Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты, азаматтардың құқықтарын қорғау қызметінің негізгі бағыттары мен нәтижелері туралы сөз қозғады.

Кездесу соңында тараптар екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту және нығайту туралы келісімге келді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив