Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
469.52 553.75 6.15

Sapar мобильді қосымшасы PlayMarket және AppStore-да жүктеуге қол жетімді

19-03-2023, 12:39 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-мен бірлесіп республикалық маңызы бар автожолдардағы қауіпсіздікті арттыру және кері байланысты жақсарту мақсатында Sapar мобильді қосымшасын әзірледі.

Қазіргі уақытта қосымшаны PlayMarket және AppStore-да жүктеп алуға және пайдалануға болады.

Мобильді қосымшада навигациясы бар маршрутты салу функционалы қолжетімді, автожолдардың ағымдағы жай-күйі, трассалардың ашылуы/жабылуы, айналма жолдар, жөндеу жұмыстары, метеожағдайлар туралы өзекті ақпарат бар.

Республикалық жолдардың бойында орналасқан жол бойындағы сервис объектілері туралы барлық өзекті ақпарат жиналды. Ақылы жол учаскелері бойынша жол жүру теңгерімін толықтыруға мүмкіндік бар.

ҚазАвтоЖолдың колл-орталығын жылдам теру функциялары, сондай-ақ байланыс орталығына ЖКО, жолдардың авариялық учаскесі, қозғалыс кезіндегі кедергі туралы мәтін, фото және видео түрінде хабарлау мүмкіндігі көзделген.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив