Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.86 544.34 5.11

Еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасында 93 мыңға жуық кәсіпорын тіркелген

11-12-2024, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Еліміздің кәсіпорындарында ықтимал еңбек тәуекелдерінің алдын алу тәсілдерін жетілдіру мақсатында осы жылдың сәуір айында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасы» (бұдан әрі – ЕТЦК) ақпараттық жүйесін іске қосты. 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ЕТЦК-де 92,8 мың кәсіпорын тіркелген, олар бойынша тұрақты мониторинг жүргізіледі.

Жүйе мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен 80-нен астам көрсеткіштерді талдай отырып, скорингтік модель негізінде жұмыс істейді, ол әрбір көрсеткіш үшін салмақ коэффициенттерін ескереді, бұл еңбек тәуекелінің деңгейін объективті анықтауға көмектеседі.

ЕТЦК енгізу нәтижесінде кәсіпорындарда әлеуметтік және еңбек заңнамасы нормаларының орындалуын дәлірек және уақтылы бақылау мүмкін болды. Бұл жұмыс берушілердің еңбекақы, жұмыс жағдайлары және жұмыс уақыты мәселелерінде бұзушылықтар жасау ықтималдығын азайтады. Еңбек жанжалдарының туындау қаупі бар кәсіпорындарда мемлекеттік еңбек инспекторлары алдын алу шараларын қолдана отырып, сын-қатерлерге жедел ден қоюды жүзеге асырады.

Сонымен қатар тәуекелдерді автоматты түрде анықтау және талдау арқылы кәсіпорын басшылары оларды жою үшін алдын-ала шаралар қолдана алады, осылайша кәсіби аурулардың ықтималдығын азайтады. Жүйе сонымен бірге жұмыс берушілерге ықтимал проблемалар мен бұзушылықтарды тезірек жоюға көмектеседі, бұл өз кезегінде еңбек заңнамасын сақтамауға байланысты еңбек даулары мен сот процестерінің санын азайтады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив