Әскери-дәрігерлік сараптама туралы ереже мен қағидаға өзгерістер енгізіледі
Қарулы Күштердің Бас әскери-медициналық басқармасы "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады.
Аталған түзетулер нормативтік құқықтық актіні "Резервте қызметті енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңына сәйкес келтіру мақсатында енгізіледі.
Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен "Электрондық үкімет" порталында осы жылдың 27 желтоқсанына дейін "Ашық НҚА" бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15345407 сілтеме бойынша танысуға болады.