Cемей4°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
451.05 504.95 5.6

Әскери-дәрігерлік сараптама қағидаларына түзетулер енгізіледі

3-10-2023, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Қорғаныс ведомствосы "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы" Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығына өзгерістер дайындады.

Нормативтік құқықтық құжат жобасы келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге ниет білдіргендерді, әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілерді, жұмылдыру бойынша әскери қызметке шақырылған әскери міндеттілерді соғыс жағдайында және соғыс уақытында медициналық куәландыру тәртібіне көзқарасты өзгертуге бағытталған. Түзетулер авиация персоналының медициналық куәландыруына да қатысты болмақ.

Бұл енгізілетін өзгерістер медициналық куәландыру сапасын жақсартуға бағытталған.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен "Электрондық үкімет" порталында "Ашық НҚА" бөлімінде биылғы жылдың 16 қазанына дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14734722 сілтеме бойынша танысуға болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив