Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Қарулы күштерде қаржылық және шаруашылық қызметті ұйымдастыру қағидалары бекітіледі

14-06-2023, 14:49 Думан Кенжеғазыұлы

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қаржы және шаруашылық қызметті ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 29 шілдедегі № 399 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады.

Бұйрық «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Заңның 22-бабы 2-тармағының 26-8) тармақшасы негізінде әзірленді.

НҚА-ге «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығының, Бюджет кодексінің, «Құқықтық актілер туралы» және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдардың нормаларына сәйкес келтіру мақсатында толықтырулар мен өзгерістер енгізілді.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 26 маусымына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14604477

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив